Астанада 23.00-ден кейін көпқабатты тұрғын үйлердегі кафелердің жұмысына тыйым салынуы мүмкін

07 Желтоқсан 2016, 13:36
0
Астанада 23.00-ден кейін көпқабатты тұрғын үйлердегі кафелердің жұмысына тыйым салынуы мүмкін - © horasinvertidas.com
© horasinvertidas.com

Астанада 23.00-ден кейін көпқабатты тұрғын үйлердегі кафелердің жұмысына тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғыны жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан кафелердің жұмысына шағым түсірді. "Үйлердің бірінші қабатында орналасқан кафелердің жұмысына түнде неліктен тыйым салуға болмайды?" деп жазды ер адам Бақытжан Малыбаевқа Астананың полиция қызметінің басшысының есеп беру кездесуінде. 

"Біз бұл проблеманы білеміз. Тұрғындардан осындай хабарламалар көптеп түсуде, шын мәнінде ұйықтауға кедергі. Қазір әкімдікте осы мәселе қаралып жатыр. Шешім заңнама деңгейінде шығарылады, 23.00-ден кейін адамдар тұратын мұндай үйлерде кафелер 23.00-ден кейін жұмысын тоқтату керек. Бұл мәселе мәслихат деңгейінде шешіліп жатыр, бұл мәселені заңнама деңгейінде шешеміз", - деп жауап берді жергілікті полиция қызметінің басшысы.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай