26 қараша 2015 13:51

Астанада 250 адам көктайғаққа байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ngs24.ru © Ngs24.ru

Астанада 250 шақты адам көктайғаққа байланысты медициналық мекемелердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада 250 шақты адам көктайғаққа байланысты медициналық мекемелердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 25 қарашада травматологиялық бекеттерге 154 адам көмек сұрап келді, олардың 12-сі ауруханаға жатқызылды. 26 қарашаға қараған түннен бастап сағат 10.00-ге дейін травматологиялық бекетке 28 адам келді, олардың біреуі ауруханаға жеткізілді.

"Травматология және ортопедия" ҒЗИ мәліметінше, өткен тәулікте травматологиялық бекетке 103 адам келген, олардың 68-і көше жарақаттарын алған. Олар әдетте көше жарақатымен күніне 40 шақты адамның келетінін жеткізді.

Осылайша, Астанада жарақат алғандар 250 адам болды. Дәрігерлердің мәліметінше, адамдардың буыны шығып, сүйектері сынған.

Астана ІІД бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғасы туралы 108 хабарламаның түскенін мәлімдеді. Олардың 38-і тіркеуге алынды, екі адам жарақаттанды. Қалада жол-патрульдік полицияның қызметі күшейтілді. ІІД қалада қатты көктайғақтың байқалмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған болатын. Осыған байланысты бірінші ауысымда 1-4 сыныпта оқитындардың сабағы кейінге шегерілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети