27 шілде 2018 15:36

Астанада 400 полицей екі автобазарды қоршауға алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ©Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

Астанада "Сатып алу" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада "Сатып алу" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады. Жедел-алдын алу шарасы қолданылған автобөлшектерді сататын "Қамқор 2" және "Титан" базарларында жүргізіліп жатыр.

Полициядағылардың айтуынша, бұл іс-шара жоспарлы түрде және біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұрланған мүлікті сатып алуға, сақтауға және заңсыз әрекеттермен айналысатын адамдарды анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа, полицейлер сатушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

"Бұл алдын ала жоспарланған шара, мұндайды біз жиі жүргізіп тұрамыз. Қазір тек жұмыс көлемі кеңейтілді, себебі көліктен аккумулятор, айна ұрлығы көбейіп кетті. Бізде ұрланған мүліктің тізімі бар. Қазір сол тізімдегі ұқсас белгілер бойынша тексеру жүргізу үстіндеміз. Кейін табылған зат тексеріске жолданады. Ол ұрланған мүлік болып шықса, иесіне аз уақыттың ішінде қайтарып береміз", - деді Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.


© Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

"Құжаты мен оны сатып алған иесі туралы мәлімет жоқ қолданылған біраз автобөлшек анықталды. Қолданылған бөлшектердің жеке иелері де заттың қайдан жеткізілгенін түсіндіріп бере алмай отыр", - деді Дмитрий Демидов.

Еске сала кетейік, кеше, 26 шілдеде Алматыда да осындай шара жүгізілген болатын. Мұнда "Жібек жолы" мен "Кар сити" автобазары тексерілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети