17 маусым 2014 13:04

Астанада 5000-нан астам отбасы жалдамалы баспанаға құжат өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото interfax.by сайтынан алынды Фото interfax.by сайтынан алынды

Астанада 5 мыңнан астам жас отбасы жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада 5 мыңнан астам жас отбасы жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астанада "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Халыққа қызмет көрсету орталығы 5 424 жас отбасының өтінішін қабылдаған. 2-сі мен 14 маусым аралығында Астананың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды ресми қабылдау шарасы жүргізілген", - делінген хабарламада. 

"Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша бірнеше бағыт қарастырылған, соның бірі "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" желісі арқылы жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. Биыл жас отбасылар үшін Астана әкімдігі 672 пәтерді пайдалануға береді. Соның ішінде 134 бір бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 158 үш бөлмелі пәтер бар.

"Қолжетімді баспана" бағдарламасының осы бір бағыты бойынша, кем дегенде, екі жыл бойы некеде тұрған жұптар құжат тапсыра алады. Олардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Ережеге сәйкес, құжатты тапсырған күнге дейін арыз беруші 29-ға толмаса болды. Сондай-ақ жалдамалы баспанаға баланы өздігімен тәрбиелеп жатқан ата-аналар қатыса алады. Алайда барлығының Астанадағы жергілікті тіркеу мерзімі екі жылдан артық болуы шарт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети