05 желтоқсан 2014 14:33

Астанада 7 әуе рейсі қолайсыз ауа райына байланысты кейінге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада ауа райына байланысты 7 әуе рейсі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада ауа райына байланысты 7 әуе рейсі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана әуежайының қазіргі ауа температурасы 12 градус. 100 метр жер көрінеді, желдің жылдамдығы - 23 метр/секунд, бұрқасынды. Қазір Астана әуежайында 7 рейс тоқтатылды, олардың үшеуі ұшып кететін және төртеуі ұшып кетуі тиіс рейстер. (...) Астана әуежайы штатты кесте бойынша жұмыс жасап тұр. Рейстердің шегерілуіне ауа райының қолайсыздығы себеп, дұрыс көрінбейді", - дейді Астана халықаралық әуежайы маркетинг бөлімінің басшысы Людмила Копейчук.

Оның айтуынша, кешіктірілген рейстердің қатарында SCAT әуе компаниясының Петропавл мен Семейге дейінге рейсі бар. Сонымен қатар "Эйр Астананың" Өскеменге қатынайтын рейсі тоқтатылды. Ол 13.15-те ұшып кетуі тиіс болған, бірақ 14.10-ға дейін кешіктірілді. China Southern әуе компаниясының Үрімшіден ұшып келуі тиіс болған рейсі де кешікті. SCAT әуе компаниясының Ақтөбеге кесте бойынша 11.40-та ұшуы тиіс болған рейсі бір сағат 20 минутқа кейінге қалды.

Zhetysu әуе компаниясының Талдықорғаннан шығатын рейсі 17.20-ға дейін шегертілді, ол кесте бойынша 10.10-да ұшуы тиіс болған, яғни 7 сағат 10 минутқа кейін қалды. Сондай-ақ "Эйр Астананың" Өскеменнен шығатын рейсі бір сағатқа кешікті. Ол 14.10-да ұшады.

Әуежайдың маркетинг бөлімі басшысының айтуынша, кейінге қалған рейстер туралы мәлімет сайтта үнемі жаңарып отырады. Ол қолайсыз ауа райына байланысты таңертеңгі сағат 10-нан бастап рейстердің кешіккенін байқадым, дейді, ал жеке рейстер таңғы сағат 9-дан кешіге бастаған.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети