Астанада ASTRA Plat электронды төлем жүйесі Express маршруттарда қолданыла бастады

09 Қараша 2016, 17:37
0
Астанада ASTRA Plat электронды төлем жүйесі Express маршруттарда қолданыла бастады -

ASTRA Plat электронды жүйесінің II кезеңі іске қосылды. Көліктік карталар арқылы қаланың Express маршруттарында жолақысын төлеу ыңғайлы бола түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған және ішкі бизнес дамудың алғы шарты болып табылатын ASTRA Plat жүйесі Астананың зияткерлік көлік жүйесінің жаңа бөлімі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, 2-3 жыл көлемінде аталмыш жоба толықтай іске асады.

 

Бүгінгі таңда Астанада 35 автобус тәжірибелі түрде заманауи технологиямен жабдықталып, қазан айының ортасынан бастап, 4 Express-маршрутқа енгізілді. Атап айтқанда: № 101, 102, 103 және 105. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.

ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысын бақылап көру үшін жолаушылар, ASTRA Plat карталарын сатып алулары қажет.

Анықтама: Аталмыш картаның 3 түрі бар. Олар: қаражат толтырылатын, мектеп оқушарына арналған және жеңідіктері бар карталар. Байланыс мөлшері жол жүру санымен тең келеді. Қаражат толтырылатын карта құны – 400 теңге. Мектеп оқушылары мен жеңілдіктері бар карталар тиесілі қала тұрғындарына тегін таратылады. Ал үйреншікті қолма-қол төлем мен қағаз билеттер әзірге әлі де айналымда.

ASTRA Plat жүйесінің ІІ кезеңі енгізілгеннен кейін де, Express-маршруттарда жолақы өзгермейді. Ересектерге 150 тг, балаларға 70 тг. Тарифтік жоспар бойынша, 10 рет жол жүруге арналған төлем құйылғаннан кейін, 11-ші мәрте тегін қатынау мүмкіндігі ұсынылады. Ал 60 минут ішінде Express маршруттан Express маршрутқа отырсаңыз, сапарыңызды тегін жалғастыра аласыз. Жеңілдіктерге ие болған, Астанада тіркелген жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болды.

Көліктік карталарды арнайы кассаларда және сауда үйлері мен аялдамалар жанында орналасқан RTVM автоматтарынан сатып алуға болады. Өзге де сатылым нүктелерін alrt.kz сайтынан және ASTRA Bus қосымшасынан қарап білуге болады.

Электронды төлем жасау үшін автобусқа мінгеннен кейін көліктік картаны жүргізуші жанындағы валидаторға тигізу керек. Төлем 0,1 секундта қабылданады.

Анықтама: ASTRA Plat ұсынатын ең негізгі мүмкіндік маршруттардың қозғалыс кезіндегі уақыт аралығын бақылау және қоғамдық көліктердің жылдамдықты арттырмауын қадағалау, одан бөлек аялдамаларда тоқтау ұзақтығы да есепке алынады. Сондай-ақ, жаңа жүйенің іске асуы кезінде тәртіп және жол сақшылары жиі арнайы тексеріс-бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады. Аталмыш жүйе толығымен жүзеге асып болғаннан кейін, 4-кезеңі де қолданысқа енгеннен кейін әдеттегі қалыптасқан қолма-қол төлем жасаудан және зейнеткерлер мен жеңілдіктері бар тұлғалар қағаз құжаттарын көрсетуден, QR коды бар бір рет пайдалануға арналған қағаз билеттерден құтылуға болады.

Сонымен қатар, Астанада ASTRA Plat көліктік картасын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде қолдануға енгізу қарастырылған жобаның ІІІ кезеңі қолға алынды. Қазірдің өзінде №№10, 20, 29, 32, 61, 40, 6 маршрутта бұл жүйе іске қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, ASTRA Plat жол ақысын электрондық төлеу жүйесінің І кезеңі 2016 жылдың 30-шілдесінде енгізілген болатын. Астана маңындағы елді-мекендерді 4 аймаққа бөлудің арқасында көліктердің жол жүру бағаларына өзгерістер енгізілді. Жүйелерді бір-бірімен сәйкестендіргендіктен жол ақысының құны орташа есеппен 50 теңгеден, кейбір аймақтарға 100 теңгеге (Аршалыға) және (Бабатайға) 120 теңгеге дейін төмендетілген. Ал жеңілдік картасы бар жүргіншілер қоғамдық көліктерде тегін жол жүру құқығына ие болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай