Астанада Bloomberg телеарнасының кеңсесі ашылады

16 Сәуір 2017, 11:37
0
Астанада Bloomberg телеарнасының кеңсесі ашылады -

Астанада Bloomberg телеарнасының кеңсесі ашылады, - деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

"АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорктің экс-мэрлері Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездесті. Келіссөздер барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, өткізілген кездесулердің маңызды нәтижесі Астанада "Bloomberg" телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы келісім болды", - делінген Премьер-министрдің сайтында.

 

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Chevron", "Citigroup", «Bloomberg", "WRBerkley Group", "GE Transportation", "OSI Systems", "Pfizer", "Cisco", "Robomatter Inc.", "IBMWatson" орталығы, "Autodesk", "Tesla Motors", "Bridge West Group", "Learn Capital", "SoundHound", "Uber", "DFJ", "Silicon Valley Innovation Center", "Plug and Play Tech Center", "Google", "Jabil" және "Microsoft" өкілдерімен кездесті.

ІТ-технологиялар, машина жасау, энергетика, тау-кен, химия, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, телекоммуникациялар, болашақтың көлігі, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсарту салаларында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланады. 

ҚР Премьер-Министрінің "IBM Watson West" орталығын аралау қорытындысы бойынша "IBM" компаниясы мен "ИТП" ДКҚ арасында Астана қаласындағы стартап-хаб аясында келесі бағыттар: қаржылық технологиялар, "Ақылды қала" бойынша технологиялар және қала құрылысы мен пайдалануды басқаруға арналған технологиялар бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған зертхана құру бойынша Меморандумға қол қойылды.

Өз кезегінде, Нью-Йорк қаласының экс-мэрі Р. Джулиани еліміздің геосаяси орналасқан жерін ескере отырып, Қазақстанның АҚШ үшін үлкен маңызға ие екенін айтты.

ҚР Президенті Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі Кремний алқабымен ынтымақтастықты дамытудың арнайы Жол картасын әзірлейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай