14 шілде 2016 16:38

Астанада EXPO қарсаңында қаруларды сату мен митингтерге тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада EXPO кезеңінде белгілі бір шектеулерді қою ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. 


Астанада EXPO кезеңінде белгілі бір шектеулерді қою ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елордада заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. 

Жиын барысында EXPO 2017 кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесі қойылды. Жиынға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. 

"Мұндай ауқымды іс-шараға шектеулер қоймау мүмкін емес. Сочиде митингтерге, қару-жарақ сатылымына және шетелдік автокөліктерге кіруге шектеу қойылды. Бізге де осы жайлы ойлану керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Барлық ел бұл жағдайды түсініп отыр. Халықты тарту керек. Мұны қалай жасауға болады? Адамдарды қызықтырып, одарды тәртіптің тек полицияның қолында емес, сонымен қатар тәртіпті сақтау әрбір азаматтың қолында екенін түсіндіру керек. Кез келген дабыл маңызды. Ол адамның өмірін сақтап қалады, қылмысты тоқтата алады немесе қарақшыны ұстай алады", - деді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Сонымен қатар, Бас прокурор қауіпсіздіктің тексерілген және сенімді жүйелерін енгізу мен смарт технологияларды кеңінен қолданудың қажет екенін айтып өтті.

"Қауіпсіздік құралдарының бірі ретінде ЭКСПО-2017 мобильді қосымшасы болуы мүмкін. Ол қосымшада ЭКСПО көрмесі туралы барлық ақпарат болады. Жедел қызметтегілер мен кері байланыс каналдарының номерлері көрсетіледі", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, отырыста EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын, соның ішінде көрме объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелерін, өткізілетін іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар елордадағы қылмыстылық ахуалы мен жолдардағы апаттылық мәселелерін талқылау жоспарланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети