26 мамыр 2014 20:44

Астанада KADEX қатысушылары 2,6 миллиард долларға келісім жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР ҚМ баспасөз қызметінен алынған Сурет ҚР ҚМ баспасөз қызметінен алынған

"Астанада "KADEX-2014" халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Астанада "KADEX-2014" халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме 208 шетелдік компанияның басын қосты. 28 елден 54 арнайы делегация қатысты. Павильондарда құрылық әскерлеріне, әскери-теңіз күштеріне, авиациялық қару-жарақ, әуе қорғанысы әскерлеріне және байланысқа арналған 300 қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің үлгісі қойылды. Көрме қортындысы бойынша, жалпы құны 2,6 миллиард болатын контракттар, меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

"KADEX-2014" көрмесіне 45 мың адам келді. Көрме аясында жақын және алыс шет елдердің әскери оркестрлері өнер көрсетті. "KADEX-2014" көрмесінің маңызды қортындысы сатып алатын өнімдердің спектрін анықтау, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамыту үшін қосымша жағдайлар құру, қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік өндіретін жетекші шетелдік өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіру болды.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети