Астанада алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

10 Қаңтар 2018, 17:55
0
Астанада алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ертең Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қаңтарда күндізгі ауа температурасы - 6 -8 градусты құрайтын болады. Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 25 м/с жетеді.

12 қаңтарда күн бұлтты болып, қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с, түнде  15-20 м/с құрайды. Сынап бағанасы -11-13 градус суықтықты көрсететін болады. 

13 қаңтарда елордада күн, сондай-ақ, бұлтты болады деп болжанып отыр. Астанада қар жауып, бұрқасын жүреді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын  желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрамақ. Ауа температурасы 18-20 градусты құрайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай