Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада әлемдік деңгейдегі колледж салынып жатыр

16 Қазан 2014, 09:44
0
Алматыдағы әлемдік деңгейдегі колледждің жобасы ©Bazis.kz
Алматыдағы әлемдік деңгейдегі колледждің жобасы ©Bazis.kz

Астанада әлемдік деңгейдегі жаңа колледждің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары бюджет қаражатының қаншалықты тиімді игеріліп жатқанын тексеру үшін құрылыс орнында болды, - деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі уақытта жұмыстың нөлдік кезеңі бірнеше жерде қатарласып жүріп жатыр. Қарашада әкімшілік ғимаратының қаңқасы жасала бастайды. 2015 жылдың тамызында құрылыстың бірінші кезеңі жоспарланған.

Бас мердігерлердің айтуынша, қыркүйек айында оқу басталады. Жалпы жоба бойынша, алты функционалды мектеп пен оқу-өндірістік орындары бар кампус соғылады.

"Біз өз мерзімінде соғып бітіреміз. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр", - деп мәлімдеді құрылыс компаниясының бас директоры Ақтан Аманжолов. 

"Осы жылы бізде Астана мен Алматыдағы әр мектепке 2,5 миллиард теңгеден бөлінді. Қаржы 100 пайызға игеріледі. Тізіміде анықталып, көрсетілген уақыт қарқыны орындалады", - деді "Кәсіпқор" холдингінің төрағасы Эльдана Сәдуақасова.

Жаңа колледж "Промышленный" тұрғын массивінде орналасады. Оқу мекемесінде 1530 студент техникалық мамандықтар бойынша үш жыл мерзімімен ағылшын тілінде оқиды деп жоспарланған. Сонымен бірге ең көп талап етілетін мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

"Кәсіпкер" холдингінің баспасөз қызметі маманы бұған дейін колледждің негізгі салатын күші Қазақстанның барлық жастары оқуына мүмкіндік беруге бағытталғанын хабарлады. Ауыл жастарына, жағдайы төмен отбасы балаларына және балалар үйі тәрбиеленуші жастарына арналған квота 60 пайызға дейін жетеді.   

"Сонымен қатар, 40 мың шаршы метр жатақхана құрылысына бөлінеді. Сондықтан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және шәкіртақы республиканың шалғайындағы студенттерді оқытуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Астанадан басқа, әлемдік деңгейдегі осындай колледж Алматыда да салу көзделген. Ал Атырау, Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларында төрт ауданаралық оқу орталығын салу жоспарланып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай