Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі басталды

10 Маусым 2015, 09:41
3

10 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V сьезі басталды, оның басты тақырыбы ретінде "Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы" болып белгіленді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев съезд жұмысына қатысады. Съезде Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездеседі, - деп хабарлайды Ақорда. Әлемнің 42 мемлекетінің 80 делегациясы шараға қатысатынын растады.  

Дін істері жөніндегі комитеттің сарапшысы Арайжан Алтайбаеваның айтуынша, Қазақстан әлемдік барлық діндерді (ислам, христиан және буддизм) байланыстыратын өркениетке бастар жол болып саналады.

"Мыңдаған жылдар бойы мұнда түрлі ұлт пен халықтың өкілдері тұрып келді. Бізде республика мен халықтың әрменгі әл-ауқатына оң әсерін беретін мәдени және көпконфессиялық байланыстар қалыптасты. Осындай толеранттылық, бейбітшілік, өзара құрмет, әділдік, рухани келісім сияқты жалпыадамзаттың құндылықтары Қазақстан халқына ешқашан бөтен болмаған. Оның үстіне, осы ұғымдар біздің мемлекетіміздің басымдылығы мен құндылығына айналды. Бүгінде Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 18 конфессияның өкілдері өмір сүріп жатыр. Түрлі мәдениеттер мен діндердің бейбіт өмір сүруі шет елдерде кең қолдауға ие болып отыр, бұл өзге елдерге жарқын әрі айқын тәжірибе болды", - деп мәлімдеді ол "Экспресс-К" газетіне берген сұхбатында.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі 2003 жылы Астанада Назарбаевтың бастамасымен өткен болатын. Одан кейінгі съездер әр үш жыл сайын өтіп отырды. Шараға христиан, ислам, иудаизм, буддизм, даосизм, индуизм, зороастризм және синтоизм өкілдері, сонымен қатар қоғамдық және халықыралық ұйымдардың мүшелері қатысты.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай