21 тамыз 2015 10:16

Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай елордада алғаш рет "Астана-дуатлон 2015" жарысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай елордада алғаш рет "Астана-дуатлон 2015" жарысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар велосипедпен 15 шақырым қашықтықты бағындырып, жартылай марафонда 5 шақырымға жүгіреді. Жолдың жалпы ұзындығы мерекелік датаға орайластырылған.

Спорттық шара 29 тамызда "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда сағат 10.00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу жарыс өтетін аумақта жүргізіледі және сағат 07:00-де басталады.

Дуатлонға ынта білдірген адамдардың барлығы қатыса алады. Айта кетейік, осы сияқты жарыс барша әлем бойынша ірі қалаларда тұрақты түрде өткізіледі және кеңінен тараған.

"Астана-дуатлон 2015" спорт пен дене шынықтыруды дамытуға үлес қосады, сонымен қатар, халық назарын салауатты өмір салтына аударады. "Астана-дуатлон 2015" Регламентімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети