05 шілде 2014 19:56

Астанада алғаш рет қалыңдықтар шеруі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Айжан Түгелбаеванікі © Фото Айжан Түгелбаеванікі ©

 Маусымның 7-інде Астанада алғаш рет қалыңдықтар шеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24.kz. телеарнасы. Бұл шара "Хан-Шатыр" ғимараты маңында өтпек. 


 Маусымның 7-інде Астанада алғаш рет қалыңдықтар шеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24.kz. телеарнасы. Бұл шара "Хан-Шатыр" ғимараты маңында өтпек. 

Ол күні Астанада бірнеше ондаған қалыңдық жиналады, араларында қалыңдық көйлегін бұрында киіп көргендер де қатысуға ниет танытып отыр. Шеру барысында қалыңдықтар бір қатармен жүріп өтіп, жаппай вальс билейтін болады. Шараға қатысушылар арасында түрлі ойындар мен фотосессия өткізіледі. Шеруге бүкіл отбасыңызбен, тіпті үй жануарларын ертіп келсеңіз де рұқсат. Ұйымдастырушылар қалыңдықтардан да, олардың әр қайсысын қолдаушылардан да бірегей дресс-кодты сақтауларын ғана талап етеді.  

Еске саламыз, бір жыл бұрын  қалыңдықтар шеруі Алматыда өткізілген. Ол уақытта күннің ыстық болғанына қарамастан шараға қатысқан қалыңдықтар ақ көйлекті киіп алып, қала көшелерімен жүріп өтсе, ал күйеу жігіттер мен қалыңдықтар бірігіп қатысқан шеру Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы "Спартак" стадионында жалғасқан. Шараны ұйымдастырушы Валентина Ринастың сөзіне қарағанда, шеруді өткізудегі мақсаты - барша ғашықтардың басын қосып, жалғыз басты жандардың өмірлік серігін осы жерден тауып алуына мүмкіндік беру екен. Кейбір жұбайлар шара басталуға жарты сағат қалғанда танысып, артынан жарасып кеткендерін де айтқан. Қатысушылар арасында ерлі-зайыптылар да болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети