20 қазан 2014 17:56

Астанада алғашқы күні 6 "әдемі" нөмір сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Астанада бірінші күні 6 "әдемі" нөмір сатылды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасы тіркеу-емтихан бөлім басшысы Бауыржан Наханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада бірінші күні 6 "әдемі" нөмір сатылды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасы тіркеу-емтихан бөлім басшысы Бауыржан Наханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін бізде 5 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету басталып кетті. Ертең барлық тіркеу-емтихан орталықтарында қызмет көрсету басталады. Бұл жүйе елдің барлық өңірлерінде жұмысын бастап кетті. 5 нөмір берілді. Оларды жеке тұлғалар алды. Олардың ішінде үш нөмір - 001, 500 және 500. Және, менің білуімше, алтыншы нөмір - беріліп жатыр - 777. Қазірге дейін бюджет бір жарым миллионға толықты", - дейді Наханов.

Оның айтуынша, бұл нөмірлік белгілер Астанада сатып алынды. Ерекше сұраныстағы нөмірлерді рәсімдеу қарапайым нөмір рәсімдеумен бірдей. "Әдемі" нөмір сатып алғысы келген адам барлық рәсімдемеден өту керек және нөмір сатылымда болған жағдайда оны бір күн бұрын рәсімдей алады.  

"Әдемі" нөмірлерді берудің мұндай әдісі Грузия тәжірибесінен алынған. "Әрине, біз бұл тәжірибені бір ай бойы бақылаймыз: қалай, не берілетінін. Біз бүгінде қай нөмірлер көп сатылып жатқанын айта алмаймыз. Сондықтан жағдайды бір ай бойы бақылаймыз, және қандай нөмірлерге сұраныс болса, сондай нөмірді көбірек шығарамыз", - деді ол.

Наханов сұраныстағы нөмірлер мемлекеттің жеке мүлкі екенін атап өтті. Және оның иесі оны қолдану үшін ғана төлейді. Сондықтан нөмір иесі өлім алдында оны мұрагерлікке тастап кете алмайды. Нөмір алынып, жойылады. Көлікті сатқан жағдайда иесі нөмірді сақтауға қояды. Нөмір жылдар бойы сақталуы мүмкін. 

"Мүмкін, біз Қаржы министрлігімен, мемлекеттік табыс комитетімен ақылдасып, баға көтерілуі мүмкін (өте танымал нөмірлерге - Авт.). Сұраныста жоқ кейбір нөмірлер жайлы біз қарастырамыз. Олардың құны түсетін шығар (кейбір нөмірлерге - Авт.)", - деді бөлім басшысы журналистердің қойған сұрағына жауап беріп жатып.

Айта кетейік, бүгіннен бастап қалаған адам сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ала алады. Бұл үшін жүргізушілер халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сатылымдағы нөмірлер тізімі ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ақпараттық тақталар мен стендтерде, электронды көрсеткіш тақталарда және "электронды үкімет" порталында болады. 

Бұған дейін көлікті сатқан жағдайда иесі "әдемі" нөмірді тіркеу-емтихан бөлімшелерге сақтауға беретіні жайлы хабарланған болатын. Сосын өткізген нөмірді иесі жаңа көлік алған соң сұранысы бойынша қайта ала алады.   

Еске салайық, мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400 - 253 724 теңге. Дәл осындай баға 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмір белгілеріне де қойылған.

Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сияқты ерекше назардағы нөмір белгілері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңында 422 256 теңге деп көрсетілген. Мұнымен бірге, мемлекеттік органдардың қарауындағы көліктердің нөмір белгілеріне деген салық - 5186 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети