Астанада, Алматыда және бірнеше облыста жаңбыр жауып, қатты жел соғады

07 Маусым 2018, 16:43
0
Астанада, Алматыда және бірнеше облыста жаңбыр жауып, қатты жел соғады -

Синоптиктер ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астанада күндіз 8 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.

8 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде  8, 9 маусымда найзағай тұрып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел; 9 маусымда шаңды дауыл, бұршақ, түнде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге дейін жел шаңды дауылмен күшейеді.

Шымкентте 8 маусымда күндіз найзағай күркіреп, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлі желдің күшеюі күтіледі.

9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қарқынды, сулылықтың жоғарылауы және тасқын болуы мүмкін.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай