26 тамыз 2016 11:04

Астанада атқа мінген полицейлер қоғамдық тәртіпті күзетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің кавалериялық взводы қаланың шетінде, саяжайлар мен саябақ аумақтарында күн сайын рейд өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. Атқа мінген тәртіп сақшылары патрульдік машиналар өте алмайтын жерлерде қызмет атқарады екен.


Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің кавалериялық взводы қаланың шетінде, саяжайлар мен саябақ аумақтарында күн сайын рейд өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. Атқа мінген тәртіп сақшылары патрульдік машиналар өте алмайтын жерлерде қызмет атқарады екен.

Астанадағы атты полиция 1992 жылы құрылған. Осы күнге дейін көптеген әкімшілік құқықбұзушылықтар мен ауыр қылмыстар ашылыпты. Жыл басынан бері атты полиция 700-ге жуық құқықбұзушылық тіркеді.

Полицейлер жұмысына таңғы 7-ден бастап дайындалады, аттарын тазалап, тамақтандырады. Күн сайын атқа мінген 12 қызметкер жұмысқа шығады, белгіленген маршрутты 2 полицей патрульдейді.

Атқорадағы 80 жылқының тұқымы әртүрлі - ахалтеке, буденный, ағылшын, қостанай және т.б. Әр қызметкерге 2 аттан келеді.

 

Полицияның кіші сержанты Еркебұлан Ахметкәрімовтің атты полицияда істегеніне бір жылдан асқан. Осы уақыттың ішінде ол 128 әкімшілік хаттама толтырған.

"Органдарда қызмет етуді кішкентайымнан армандадым, менің ағаларым да органдарда істейді, мен солардың жолын қумақ болдым. Атты полиция туралы алғаш рет тағылымдамадан өткенде білдім. Бала кезімде атпен жүретінмін, балалық шағымды еске түсіргім келді", - дейді ол.

 

Еркебұланның айтуынша, бұл жұмыстағы ең басты нәрсе - атпен байланыс орната білу. Кейіпкеріміз маршрутқа серіктері Ракетамен және Каскадпен шығады.  

"Жылқы - сезімтал жануар, егер адам аттан қорықса, ол оны жолатпайды. Ал керісінше, қорықпай, сипап, оған күтім көрсетсең, бәрі де жақсы болады, байланыс орнайды. Мен аттарды жақсы көремін, жандарында жүргенді ұнатамын", - дейді тәртіп сақшысы.

Атпен патрульдеу тек жылы кезде ғана жүргізіледі, қыста рейдтер жаяу жүзеге асырылады. Аттар орта есеппен 18-20 жыл бойы қызмет етеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети