02 наурыз 2019 13:44

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 3-4 наурызда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі", - делінген Telegram желісінде Smart Astanaтаратқан хабарламада. 

Сондай-ақ астаналықтар 112 нөмірінен sms-хабарлама алады.

"3-4.03.19 Astana k. 20 m/s deiin zheldin uiytkuy
3-4.03.19 g.Astana Usileniye vetra s poryvami do 20 m/s".

Осыған дейін, синоптиктер 2-4 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады.

"Алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдаймен болатын ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен қар, кей жерлерде бұрқасын, күшті екпінді жел және жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температураның ауытқуы болады, бірақ батыстан басқа аймақтарда климаттық нормадан жоғары сақталады. Батыста температура нормаға жақын және төмен болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети