09 желтоқсан 2014 11:07

Астанада аумақты қардан тазаламаған кооператив басшылары жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astana.gov.kz ©Astana.gov.kz

Астанада аумақты қардан уақытылы тазаламағаны үшін пәтер иелері кооперативтерінің 37 төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап. 


Астанада аумақты қардан уақытылы тазаламағаны үшін пәтер иелері кооперативтерінің 37 төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап. 

"ПИК аумақтарын тексеру жүргізілді. Аумақты қардан уақытылы және сапалы жинамағаны, сонымен қатар, басқа да бұзушылықтарға жол бергені үшін 37 ПИК төрағасы жалпы 1 166 760 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

Астана қаласының санитарлық жағдайын жақсарту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ІІД әкімшілік полиция бөлімшелері жолдар мен аулашілік көшелерді бақылауға алды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жолдардың көлік жүретін бөліктері мен аулаларда жиналып қалған қарды жинау үшін фотоматериалдар жинады. Полицейлер аудандық әкімдіктерге 637 фотоматериал ұсынды. 

Ең көп фотоматериал Алматы ауданында түсірілген - 237 сурет. Сарыарқа және Есіл аудандары бойынша 200 суреттен ұсынылды. Бұл материалдар бойынша аудан әкімдіктері шара қолданатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети