19 қараша 2014 18:26

Астанада автобус жүргізушілері бейнекамера арқылы бақыланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото secur.ua сайтынан алынды Фото secur.ua сайтынан алынды

Астанада автобус жүргізушілері бейнекамера арқылы қадағалауға алынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровке сілтеме жасап. 


Астанада автобус жүргізушілері бейнекамера арқылы қадағалауға алынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровке сілтеме жасап. 

"Қауіпсіз автобус" жобасының пилоттық жұмысы басталды, енді бейнекамералардың көмегімен қоғамдық көліктердің жағдайы сырттан бақыланатын болады. Бұдан бөлек, жол ережесін бұзбас үшін жүргізушілерге бақылау жасалынады", - деді ол "Smart Astana 2014" конференциясында. 

ІІД өкілінің айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордада жаңа технология енгізіледі, оның көмегімен жылдамдықты асыру және жол қозғалысы ережесін бұзудың басқа да фактілері автоматты түрде тіркеледі. Соңғы 10 айда  6 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. 

"Астанада жыл сайын көліктер саны ұлғайып келеді. Бұрын көлік тығыны мәселесін шешу үшін көшелерге жол реттеушілер шығатын. Енді елордада жаңа жоба енгізіледі, ол интелектуалды көлік жүйесі деп аталады, яғни "ақылды бағдаршам" көмегімен көлік тығыны ретке келтіріледі. Мұндай бағдаршамдар желісі "көк толқын" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Ең бастысы, адамның араласуынсыз жүзеге асырылады. Осының арқасында көлік тығынының жүктемесі 20 пайызға кемиді және жылдамдық қозғалысы артатын болады. Онымен қоса, мұндай бағдаршамдар арнайы және қоғамдық көліктерге автоматты түрде басымдық беріп отырады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети