16 қараша 2016 14:46

Астанада аяз 23 қарашаға дейін сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 23 қарашаға дейін суық күн райы сақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкідігінің сайтына сілтеме жасап. 


Астанада 23 қарашаға дейін суық күн райы сақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкідігінің сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан (Об өзенінің ауданы) жеткен ауқымды антициклонның екі көлемді орталығы бар, оның бірі Норильскіде, екіншісі Есіл өзенінің ауданында орналасқан. 

Егер кеше түнде ең төменгі ауа температурасы -27 градус болса, бүгін түнде екі тармаққа төмендеп, 29 градус аяз болады. Алдағы екі күнде ауа температурасы сол деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Антициклонмен байланысты ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 қарашадан бастап тағы суық орнайды. Ауа температурасы тағы 3-4 градусқа төмендеп, минус 31-33 градусты, ал күндіз -23…-24 градусты құрайды. 23 қараша күні ғана аяздың беті қайтады. Түнде термометр бағаны 23-26 градус аяз, күндіз -15-тен -18 градусқа дейін көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети