Астанада азық-түліктің қымбаттауы EXPO-ға байланысты емес - Әкімдік

02 Маусым 2017, 12:23
0
Астанада азық-түліктің қымбаттауы EXPO-ға байланысты емес - Әкімдік - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бағаның шарықтауы мезгілге орай бірқатар азық-түлік тауарлары қорының азаюына қатысты, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мамандарының күн сайын азық-түліктің негізгі түрлеріне мониторинг жүргізуі барысында мамырда сарымсақ бағасы (41,9 пайыз) қымбаттағанын, ал қырыққабат (19,8 пайызға), сәбіз бағасы (18,2 пайызға) өскені байқалған.

Көтерме өнім ұсынушылардың мәліметінше, мезгілге байланысты бұл тауарлар қорының азаюымен байланысты болып отыр.

Жетіспеушіліктің салдарынан Ақмола облысынан әкелінетін картоптың сату құны 92 пайызға өскен, пияз (ОҚО) 80 пайыз, сәбіз (Павлодар, Қырғызстан) 57 пайызға, қырыққабат (Ақмола облысы) 69 пайызға көтерілген.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау бағытында іс-шаралар жүргізуде.

"Егер баға өскені туралы ақпарат болса, бірден Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жіберіледі. Жыл басынан бері 5 мәлімет жіберілген. 19 наурыздан апта сайын 20 жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда 31 тонна өнім саудаланды. 6 рет аймақтық жәрмеңке өткізілді (Жамбыл, ОҚО, БҚО, Атырау), шарада 754 тонна өнім сатылды", - деп хабарлайды Астана қаласының ауыл шаруашылық басқармасы.

Бұдан бөлек, Астанада сауда тауарларының тұрақтандыру қорын құру бойынша шаралар жүргізілуде. Оған бағасы қымбаттау қаупі бар тауарлар сатып алынады. Сондай-ақ, әкімдіктегілер мәселе үнемі қатаң бақылауда екенін айтып өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай