13 желтоқсан 2017 13:49

Астанада баспанасыз адамдар EXPO кезінде қайда болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев елорда тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев елорда тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары жергілікті полиция қызметінің басшысына тұрғын үйлердің кіреберісінде тұратын баспанасыз адамдарға шағымдарын айтты.

"Күн суығалы бері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар көбейіп кетті. Қазір оларды жылы аялдамаларда да, жылу өтетін жолдарда да байқап жатамыз. Бірақ басты проблема олардың үйдің кіреберісіне кіріп алуы, әсіресе, 60-жылдары салынған үйлерде", - деді Астана тұрғыны Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа.

"Біз бақылау жүргіздік, баспанасыздардың басым бөлігі облыстардан келген. Қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, бейімделу орталықтарына да жіберіп жатырмыз, олардың туыстарымен байланысқа шығып, қайтарып жатырмыз. Бірақ олардың көбі қайтып келіп жатыр. Оларды үш сағаттан аса уақыт ұстай алмаймыз", - деп түсіндірді жағдайды Бақытжан Малыбаев.

"Бізде Чехоев көшесінде орналасқан бейімделу орталығында осындай баспанасыз адамдардың барлығына жағдай жасалған. Бірақ олар мұнда тұрғысы келмейді, себебі оларға ішімдік ішу керек. Онда ешкім ішімдік бермейді. Жылы аялдамаларды да күнде аралап шығамыз. Тұрғын үйлердің кіреберіс есіктеріне код қойып жатырмыз", - деді Бақытжан Малыбаев қала тұрғындарына.

"Бұл расында да проблема. Бұл бүкіл әлем бойынша проблема болып отыр. Біз жаз кезінде EXPO-2017 қарсаңында 200-ге жауық адамды емдеу-сауықтыру мекемелеріне жібердік, оларды ешкім көрмеуі үшін сонда жібердік. Қазақстанда EXPO тағы өте ме, жоқ па - ол белгісіз. Сондықтан біз еліміздің беделі үшін ол адамдардың заңды мүдделеріне қайшы келмей, Ақмола мен Қарағанды облыстарына жібердік", - деді Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Сондай-ақ, Бақытжан Малыбаев елорда тұрғындарына бұл мәселенің бақылауда екенін айтып өтті.

"Иә, мұндай проблема бар. Проблема шешетін боламыз. Ол басшылық бақылауында. (...) Бірақ сіздерге бір айтарым, олар бәрібір қайтып келе береді", - деді Бақытжан Малыбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети