19 маусым 2017 13:44

Астанада белгісіздер саябақтағы спорт алаңын қиратып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Кемал Ататүрік атындағы саябақта орнатылған спорттық жаттығу құрылғыларының тең жартысы қиратылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Кемал Ататүрік атындағы саябақта орнатылған спорттық жаттығу құрылғыларының тең жартысы қиратылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы нысандарды салуға мердігер болған әкімдік өкілі Әсет Әлібектің айтуынша, олардың фирмасы екі күн бұрын барлық жаттығу құрылғыларын қондырып, орнатқан. Алайда екі күн өткеннен кейін тексеруге келгенде олар түбімен жұлынған жаттығу құрылғыларын көрген. 

"Біз мұнда он жаттығу құрылғысын орнаттық. Оның бесеуі қиратылған. Бүгін оларды орнатқанымыз туралы есеп беруіміз қажет болған, суретке түсірейін деп келдік, мынадай жағдайға тап болдық. Олар жап-жаңа болатын, біз оларды сенбіде сағат 15:00-де орнатып біттік", - Әсет Әлібеков. 

Оның айтуынша, құрылғылар өздігінен құлап қалған жоқ, себебі оларды күшпен жұлып алғаны анық көрініп тұр.  

"Бұл әдейі істелген әрекет. Түбірімен жұлып алған, тепкен - жаттығу құрылғыларында аяқ іздері бар. Әдейі қазып алған, мұның барлығы бетондалған ғой. Түбімен жұлып алған. Ол итере салса, құлай қалатындай емес", - деді мердігер өкілі. 

Ол қондырғыларды полиция вандализм дерегі бойынша тіркегеннен кейін қайта орнына келтіретінін мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети