13 қыркүйек 2016 14:41

Астанада болған жол апатынан зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада болған жол апатынан зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада болған жол апатынан зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, баланың жағдайы жақсарды. "Қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың әлі де жансақтау бөлімінде жатқанын, бірақ есін жиғанын және сөйлей алатынын айтты. Ертең бала палатаға ауыстырылады. Қажетті емнің барлығы көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада болған жол апатынан зардап шеккен төрт баланың ауруханаға жеткізіліп, біреуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

Кейінірек дәрігерлердің көлік қағып кеткен 4 баланың біреуінің бүйрегі мен көкбауырын алып тастағаны хабарланған болатын. "Төрт баланың да жағдайын қарадық. Тоғыз жастағы бала толықтай қаралды, жағдайы қанағаттанарлық, ішкі органдары зақымданбапты, үйіне қайтардық. Екі бала бассүйек миының шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Төртінші баланың жағдайы ауыр. Көкбауыры езіліп кеткен және сол жақ бүйрегі езілген, ішіне қан кеткен. Ота аяқталды - сол жақ бүйрегі мен көкбауырын алып тастадық", - деді дәрігер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети