03 тамыз 2015 19:07

Астанада бірыңғай медициналық сall-орталық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тmcnet.com © Тmcnet.com

Астанада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астанада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада денсаулық саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған сall-орталық ашылды. "Сall-орталық жұмысы нәтижесінде медициналық қызмет сапасын арттырып, қала емханаларындағы кезек мәселесін жою көзделіп отыр. Ақпаратты орталық арқылы тұрғындар қала дәріханаларында дәрілердің бар-жоғын біле алады, сонымен бірге, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша өз арыз-шағымдарын қалдыра алады", - деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.

963-777 немесе 1300 телефон номерлері арқылы елорда тұрғындары сауалдарын жолдап, денсаулық сақтау мамандарынан кеңес ала алады.

Ақпараттық орталық күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети