03 сәуір 2015 10:55

Астанада Будапешт көшесі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.gazeta.kz ©news.gazeta.kz

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың қаулысымен және қалалық мәслихаттың шешімімен елордада бірқатар көшелердің атаулары ауыстырылып, жобалық көшелерге жаңа атаулар берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың қаулысымен және қалалық мәслихаттың шешімімен елордада бірқатар көшелердің атаулары ауыстырылып, жобалық көшелерге жаңа атаулар берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, құжатқа сәйкес, Астана қаласы "Алматы" ауданы бойынша №142 көше - Өзбекәлі Жәнібек көшесі аталды.

"Есіл" ауданы бойынша: жоба атауы №199 көше - Шыңғыс Айтматов көшесі деп; жоба атауы №Е-352 көше - Будапешт көшесі деп; жоба атауы №209 көше - Ұзақ батыр көшесі деп; жоба атауы №203 көше - Жәмеңке абыз көшесі деп; жоба атауы №59 көше - Жантай батыр көшесі деп; жоба атауы №Е-487 көше - Зейін Шашкин көшесі деп; жоба атауы №Е-107 көше - Әмина Өмірзақова көшесі деп; жоба атауы №200 көше - Ілияс Омаров көшесі аталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, "Сарыарқа" ауданы бойынша №188 көшеге Шәймерден Қосшығұлұлының есімі берілді.

Ал Левон Мирзоян көшесі - Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгертілді, сонымен қатар, Дарабоз бен Асқар Тоқпанов көшелері біріктіріліп - Асқар Тоқпанов көшесі деп аталды. "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша: Тұрар Рысқұлов көшесі -Бұқарбай батыр көшесі деп; Нұрғиса Тілендиев орамы - Аспандияр Кенжин көшесі деп; Жерұйық көшесі (3-4 пикет) - Рақымжан Дүйсенбаев көшесі деп қайта аталатын болды", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Венгрия астанасы Будапешт қаласында Астана көшесі ашылғаны белгілі болған еді. Бұл туралы Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети