06 мамыр 2015 17:42

Астанада чек талап еткен тұтынушы сыйлық ұтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада "Чекті талап ет - сыйлық ұтып ал" акциясының алғашқы жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол қала тұрғыны - Зәуреш Өтегенова.


Астанада "Чекті талап ет - сыйлық ұтып ал" акциясының алғашқы жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол қала тұрғыны - Зәуреш Өтегенова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, акция жарияланғалы бері, екі ай бойы қала тұрғындары көрсетілген номерге Whatsapp арқылы чек суреттерін жіберді. Екі ай ішінде департаменттің арнайы серверіне 2 мыңнан аса чектің суреті келіп түскен.

"Бүгін, 6 мамырда акцияның тәуелсіз тиражды комиссиясы сәуір айының жеңімпазын анықтау үшін жиналды. Арнайы компьютерлік бағдарлама келіп түскен номерлерді айналдырды. Бұдан кейін кездейсоқ таңдау әдісімен бірегей номерге таңдау түседі. Чек суретін жіберген жеңімпаздың номеріне комиссия мүшелері қоңырау шалып, жеңісімен құттықтады. Акцияның ең алғашқы жеңімпазы Астана қаласының тұрғыны - Зәуреш Өтегенова. 13 мамырда жеңімпазды құттықтап, бағалы сыйды табыс ету салтанаты өткізіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл наурызда Астанада "Чекті талап ет - сыйлықты ұтып ал" акциясының басталғаны хабарланған болатын. Акция 2015 жылдың 5 шілдесіне дейін болады және сол күні ұтыс ойындары өтеді. Акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда жасау мен қызмет көрсету кезіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Бұл шараға кез келген астаналық қатыса алады. Акцияға қатысу үшін чекті суретке түсіріп, WhatsАpp арқылы +7 701 500 17 17 нөміріне жіберу қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети