10 қараша 2016 18:39

Астанада "Донер Трамп" сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада "Донер Трамп" сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамптың жеңісінен кейін қаладағы қоғамдық тамақтандыру мекемесі жаға тағам түрін шығарды.


Астанада "Донер Трамп" сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамптың жеңісінен кейін қаладағы қоғамдық тамақтандыру мекемесі жаға тағам түрін шығарды.

Кафе әкімшілігінің айтуынша, "Донер Трамп" басқа дөнерлерден айырмашылығы ондағы еттің көптігі (200 грамм). Сонымен қатар дөнерге соус қосылған, оның құрамын мекеме құпия сақтап қалуды жөн көрді.

"Донер Трамп" бағасы - 700 теңгені құрайды. Кафедегілердің айтуынша, бұл жаңашылдық АҚШ президентін сайлау қорытындысын жариялаудан кейін пайда болған. 

Еске салайық, АҚШ президенттігіне сайлау 8 қарашада басталған. 19 желтоқсанда формалды сайлау процедурасы өтеді, ал 2017 жылдың 6 қаңтарында АҚШ конгрессі қорытындыны бекітеді. Ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған, осы кезде АҚШ президенті өз ұызметіне кіріседі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның астанасында "Обама" фуд-трак іске қоспақшы болған. Алайда Астана қаласының полицейлері АҚШ президенті Барак Обаманың суреті бар көлікті жүргізуге тыйым салуына байланысты бұл жоба іске аспаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети