27 ақпан 2019 09:30

Астанада егіз баланың анасы енді үшем босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада биылғы жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.


Астанада биылғы жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Үшемді дүниеге әкелген Светлана әлі де өз бақытына сене алар емес. Бір сәтте ол көпбалалы ана атанды. Бес жыл бұрын ол осы перзентханада егіз туған.

"Менің арғы әжем де екі рет қатарынан егіз туған екен. Оны маған әжем айтты. Сондықтан мұндай бақыт маған да бұйырып отыр деп ойлаймын. Үш періште жатыр алдымда. Өте бақыттымын! №3 перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысым шексіз. Жүктіліктің ең алғашқы аптасынан бастап бүгінге дейін жіті бақылады", - дейді жас ана.

Екі ұл мен бір қыз 19 ақпанда туған, әрқайсының салмағы - 2 келі. Бақыты үшке еселенген ана мен үш нәрестенің қазіргі жағдайы жақсы болғандықтан, үйге шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети