23 қаңтар 2017 11:56

Астанада ЕХРО-2017 қарсаңында 2 мыңнан аса бақылау камерасы орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© videomastera.ru © videomastera.ru

ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін кезде ішкі істер органдарының қызметкерлері, ІІМ оқу орындарының курсанттары, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері - барлығы 9 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалауға және қауіпсіздікті сақтауға жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта көрме кешенінің аумағында нысандардың құрылысы және пайдалануға тапсыру кезеңінде елордалық ІІД 100-ден аса қызметкері, Ұлттық ұланның жауынгерлері қауіпсіздікті тәулік бойғы режимде қамтамасыз етуде, оларға бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру және жаяу патрульдеу қызметтері жүктелген.

Көрме қалашығында учаскелік полиция бекеті жұмыс істейтін болады, онда 6 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады.

Сонымен қатар, көрменің логистикалық орталығы да қолданысқа енгізіледі, онда автокөліктерді тексеру екі мобильді инспекция-тексеру кешенімен жүргізіледі. 16 полиция қызметкері кіретін кешендердің персоналы арнайы оқытылды, соның ішінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да дайындықтан өтті.

Сонымен бірге, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында қала маңын қоса алғанда тағы да екі мыңнан аса бейнекамера орнату жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні елордада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы бар. Бұл тәртіп сақшыларының қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Сонымен бірге, 80 көше қиылысында, 50 желілік учаскеде фото және бейнетіркеу кешендерін орнату көзделген.

Айта кетейік, 2016 жылы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 444 қылмыстық істі, 67 659 әкімшілік құқық бұзушылықты және жол ережелерін бұзудың 23 953 дерегін анықтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети