Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада екі түрлі аты бар көшенің пайда болуына байланысты түсінік берілді

01 Сәуір 2015, 15:54
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігінің өкілдері бір көшеде түрлі аттар жазылған тақтайшалар жайында түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға оқырман хабарласып, сол жағалауға қарай кететін көпірге жалғасқан көшенің бір ерекшелігі барын айтты. "Техника сататын ірі дүкен мен дипломатиялық өкілдіктер орналасқан көшеде екі түрлі тақтайша ілінген, Оның бір жағында "Амман", ал екінші жағында "Шалқыма" деп ілініп тұрғанына назарым ауды", - деп сұрақ қойды қолданушы. 

Астана әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастика бөлімінің жетекшісі Айжан Құсайынованың айтуынша, бұл көшенің аты "Амман". 

"Бұл "Амман" көшесі, бірақ "Шалқыма" деген атау жазылған тақтайшалар қателіктен ілінген. Бұл тақтайшалар алып тасталады. Бұл тақтайшаларды ілу жұмысымен аудандық әкімдіктер айналысады. Астанада "Шалқыма" деген көше бар, бірақ ол басқа жерде. Осы көшеше жақын орналасқан, сондықтан шатасқан шығар", - деді Құсайынова.

Астана көшелерінің атауына байланысты осыған дейін де осыған ұқсас келеңсіз жайттар болған еді. Мәселен, 2015 жылдың ақпан айында Астананың мәслихат депутаттары қаланың ономастикалық комиссиясының жергілікті тұрғындардың пікірін ескермей көше аттарын ауыстыра беретіндігін мәлімдеген болатын. Соның салдарынан тіпті абыройлы академиктерді де тығырыққа тіреген. 

"Осыдан 300-400 жыл бұрын өмір сүрген батырлардың атын беру керек пе? Деректі мәліметтер жоқ қой. Мұны солардың бір ұрпақтары еске түсірген шығар. Тарихымыздың мұндай тұманды тарауларына оралудың қажеті жоқ шығар", - деді депутат Байгенжин.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай