26 шілде 2014 14:23

Астанада экстремалды демалыс түрі өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Астана әкімдігі сайтынан алынды Сурет Астана әкімдігі сайтынан алынды

Астанада экстремалды демалыс түрі ұйымдастырылады, - деп хабарлайды ел астанасы әкімдігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Әкімшіліктегілер арнайы экстримді, ұмтылмас сәттерді ұнататын жандарға сақтандыру үшін қолданатын арқанмен 40-45 метр биіктіктен секіруді ұйымдастыратындығын айтады.

"Осындай биіктіктен секіріп, басқамен салыстыруға болмайтын сезімді, өмірдің және қоршаған ортаның ғажап сәттерін сезінесіз, жаңа әсерлер аласыз", – дейді ұйымдастырушылар. Секіруге 18 жасқа толған азаматтар жіберіледі, ал 14-18 жастағы тұлғалар ата-анасының бірінің қатысуымен немесе олардың жазбаша рұқсатымен ғана секіруге жіберіледі.

Аталған шара Астанада 27 шілдеде өтеді. Секіруге арналған база Көктал тұрғын алабының 13-мекенжайында орналасқан. Шара сағат 11.00-20.00 аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети