Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

30 Қыркүйек 2016, 15:54
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада Еңбек Күніне арналған "Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы" форумы өтті. Оның барысында "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес қауымдастықтар мен кәсіподақтардың өкілдері және жұмыскерлер қатысты.

Сөз басында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова 2013 жылдың 22 қарашасында Елбасының жарлығымен бекітілген ҚР Еңбек күнін мерекелеу әрбір қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып жүргенін еске салды. Мерекенің басты мақсаты - еңбек адамы мәртебесін арттыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау және еңбек әулеттерінің жылдар бойғы дәстүрлерін нығайту болып табылады.

"Мемлекет қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуына аса зор көңіл бөліп отыр. Елімізде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама тек жұмысқа орналастыруды ғана емес, сонымен қатар, қоғамның, кәсіпкерлік саланың дамуының сұранысы мен жаңа жұмыс орындарының құрылуына қарай сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды қарастырады. 5 жылдың ішінде бағдарламаға 710 мың адам қатысып, оның 533 мың адамы тұрақты жұмысқа орналасты. 128 мың тұрғын өз білімдерін жетілдіріп, жаңа маман иелері атанды", - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Министр ҚР ДСӘДМ бастамасымен ұйымдастырылған "Еңбек жолы" байқауы еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыруға және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерінің пайда болуына жағдай жасауға, қазақстандықтардың бойында республика экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастары үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге негізделгенін атап айтты.

Байқаудың бірінші кезеңі аймақтарда "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің үздік жас маманы", "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациялары бойынша өтті. Республика бойынша байқауға барлығы 460 адам қатысты.

"Бүгін "Еңбек жолы" байқауының аймақтық кезеңінің үш номинациясы бойынша барлық 48 жеңімпаздары осы залда отыр. Олардың ішінде белгілі бір салада қызмет етіп келе жатқан бір отбасының 4 буынынын атап айту керек. Шығыс Қазақстан облысының Филипов еңбек әулетінің барлығы 360 жыл еңбек өтілі бар, дәл сондай еңбек өтілі Атырау облысының Аралбековтар теміржолшылар әулетінде де бар. Оңтүстік Қазақстан облысының Жаңабаевтар әулетінің 242 жыл еңбек өтілі бар болса, Ақтөбе облысының металлургтер әулетінің жалпы еңбек өтілі 218 жылдан асады. Біздің елімізде мұндай отбасылары өте көп. Барлығына денсаулық пен сәттілік тілеймін", - деді Тамара Дүйсенова.

"Еңбек жолы" байқауы республикалық кезеңінің "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша жеңімпазы болып Атырау облысының Аралбековтар теміржолшылар әулеті, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша "Соколов - Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ-ның экскаваторының машинисі Андрей Соловьев атанды, Солтүстік Қазақстан облысы "Мамбетов и К" шаруа қожалығының наубайшысы Тұрар Қасымов "Өндірістің үздік жас маманы" номинациясында үздік деп анықталды.
Шара барысында "Еңбек ардагері" төсбелгісімен Қазақстан экономикасын дамытуға және нығайтуға айтарлықтай үлес қосқан өндірістің әртүрлі салаларының 9 ардагері марапатталды.

Форум соңында Тамара Дүйсенова барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жаңа табыстар мен еңбектеріне жетістіктер тіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай