28 сәуір 2014 18:54

Астанада еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамағандардың айыппұлын өсіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Астанада еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамағандардың айыппұлын өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.


Астанада еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамағандардың айыппұлын өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Өз кезегінде, Астана қаласының ішкі істер департаменті еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамағандарға айыппұл санкцияларын ұлғайтуды және жұмыс берушілермен жиі кездесулер өткізуді ұсынады", - деді Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары Санжар Әділов өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарының басшыларымен өткізген еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жиналыста.

Ресми деректер бойынша, экономиканың өндірістік секторындағы салаларда орын алған қайғылы жағдайлардың саны жағынан Астана бірінші орында тұр. "Талдауға сәйкес, 2013 жылы Астанадағы өндірісте 143 қайғылы жағдай орын алған, оқиға салдарынан 147 адам зардап шеккен, соның ішінде 20-ы көз жұмып, 80 адам ауыр жарақат алды, 47-сі орта және жеңіл дәрежедегі жарақаттар алды. Бүгінгі таңда жыл басынан бері қаладағы өндірісте 47 жұмыскер жарақат алған, соның ішінде 11 адам көз жұмды", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.

"Осы санаттағы қылмыстар санының айтарлықтай артуы елордадағы өндірістік процестердің белсенділігіне және кәсіпорын әкімшілігі тарапынан еңбекті қорғау нормаларының сақталмауына байланысты болып отыр. Бас мердігерлер ұйымдарға біліктілігі өте төмен қызметкерлерді шақырады, бұл еңбек қауіпсіздігі шарттарының тиісті дәрежеде сақталуын қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты қауіпсіздік техникасы бұзылады. Біз талдау жүргізіп, жарақаттанушылықтың үш түрін анықтадық: биіктен құлау, механизмдерден құлау және құрал-саймандардан зардап шегу, сонымен қатар, өндірістік жұмыстар кезінде мертігу», - деді Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, 25 сәуір күні Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде металл конструкция қираған болатын. Осының салдарынан 18 адам зардап шеккен. Осыдан кейін мердігер-компания барлық зардап шеккендер мен олардың отбасыларына материалдық көмек беруге уәде берді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети