29 шілде 2016 | 14:54

Астанада ертеңнен бастап қала маңы бағдарындағы тасымал үшін тарифтер төртке бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада 30 шілдеде қала маңындағы бағдарларға арналған тарифтік аймақтар енгізіледі. Бұл тарифтер электрондық жолақы төлеу жүйесін енгізудегі алғашқы қадам болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" ЖШС-на сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 30 шілдеде қала маңындағы бағдарларға арналған тарифтік аймақтар енгізіледі. Бұл тарифтер электрондық жолақы төлеу жүйесін енгізудегі алғашқы қадам болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" ЖШС-на сілтеме жасап.

Астана қаласы маңындағы бағдарлар төрт тарифтік аймаққа бөлінді. Әр аймақтың ұзақтығы - 15 шақырым. Осыған дейін (2016 жылдың 30 шілдесіне дейін) белгіленген тарифтік жүйе тасымалдаушылар мен жолаушылардың жұмысын қиындатқан еді. "Астана LRT" ЖШС өкілдерінің айтуынша, бұған дейін қала маңындағы бағдарларға арналған 84 тариф болған. Тарифтерді қала маңындағы бағдарларға бөлудің арқасында қазір тарифтердің саны 5-ке дейін азайған. Ендігіде жолақы құны жолаушының баратын жеріне байланысты 90-400 теңге аралығында тұрақсыз болады.

Айта кетейік, Астана қаласы маңындағы аумақтарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметінің бағасы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазанындағы № 108-1759 қаулысы "Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" бойынша бекітілді.

Сондай-ақ, электронды жолақы төлеу жүйесін енгізудің алғашқы қадамы қала маңындағы бағыттарға жолақының (көліктік карточкаларды қолдануды санамағанда) өзгеретінін білдіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети