Астанада есікті балтамен қиратқан сот орындаушысы палатадан шығарылды

13 Сәуір 2017, 14:31
0
Астанада есікті балтамен қиратқан сот орындаушысы палатадан шығарылды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Республикалық жеке меншік сот орындаушылар палатасы өкілдері жеке меншік сот орындаушысының Астанадағы пәтерлердің бірінің есігін кувалдамен қиратқан әрекетіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, сот орындаушысы палатадан шығарылды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде сот орындаушысының кувалдамен есікті қиратып жатқаны түсірілген видеоролик жарияланған еді. 

"Осы дерек бойынша соттың шешімі бар, яғни Р.Г.Жылқыбаевтың айыпты деп танылғаны жайлы сот шешімі бар. Алайда біздің институттың жақында ғана ашылғанын ескеруіміз керек. Осыған байланысты 2016 жылдың 8 сәуіріндегі съезде ҚР жеке меншік сот орындаушыларының кәсіби ар-намысына қатысты кодекске қосымшылар енгізілді. Бұл құжатта мамандықтың беделі, ар-намысты сақтау, жеке меншік сот орындаушының беделін арттыру мен әрбір сот орындаушысының адамгершілік борышы көрсетілген. Сот орындаушысы кез келген жағдайда өзінің қызметтік міндеттеріне орындауда күмән тудыратын әрекеттерден аулақ болуы тиіс, сондай-ақ, олар өзінің беделіне және жеке меншік сот орындаушылары институының беделіне нұқсан келтірмес үшін жағымсыз жағдайлардан алыс жүруі керек", - деді Республикалық жеке меншік сот орындаушылар палатасының өкілдері.

Осыған байланысты палата басқармасындағылар Рустам Жылқыбаевтың әрекеттерін дөрекі әрі негізсіз деп саналды.

"Сондай-ақ, Жылқыбаевтың өз қызметінде жүргенде Республикалық палатаның жарғысын орындамағаны және жеке меншік сот орындаушыларының Кәсіби ар-намысы туралы кодексіне қатысты ереже бұзушылықтар жасағаны белгілі болды. Палата басқармасының шешімімен, 2017 жылдың 11 сәуірінде Жеке меншік сот орындаушыларының Ар-намыс туралы кодексі, Палата жарғысы, сондай-ақ, ҚР Заңнамасындағы заңбұзушылықтары үшін Жеке меншік сот орындаушыларының Республикалық палатасы мүшелеріне алынып тасталды", - деді компаниядағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада сот орындаушысының борышкердің есігін қирата жаздағаны жайлы хабарланған еді. Бір қызығы дауға қалған сот орындаушысы борышкердің емес, оның әпкесінің үйіне басып кірмекші болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай