12 желтоқсан 2018 14:17

Астанада есірткіні жасырын жарнамалап келген граффитилер жойылуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан қала көшелерінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысатын сайттардың мекен-жайлары көрсетілген 40-тан астам граффити-суреті анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Жыл басынан қала көшелерінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысатын сайттардың мекен-жайлары көрсетілген 40-тан астам граффити-суреті анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Үйлердің қабырғаларына жазылған "Жылдамдық", "ұн" деген суреттердің бәрі де - синтетикалық есрткі заттарының жасырын жарнамасы. Полиция департаменті мақсатты түрде интернет арқылы есірткі тарататын фактілердің ізіне түсті. Қаланы тыйым салынған заттарды заңсыз жарнамадан "тазалауға" қоғам да белсене қатысуда.

Астана полицейлері, ПИК жетекшілерімен, Сарыарқа ауданының коммуналдық қызмет басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, ПИК-пен байланыс орнату, коммуналдық қызметтер мен және полицейлердің бірлесіп, заңсыз есірткі айналымына қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат жинау мәселелері талқыланды.

Шараға мүдделі қызметтердің 150-ден аса өкілі қатысты. Олар білесіп, Астанадағы есірткі бизнесі мен есірткіге қарсы күресте жұмыла жұмыс істеуді ұйғарды. Өйткені қоғамның белсенді позициясы ғана осы құбылысқа қарсы сенімді қорғаныш бола алады.

"Қалалықтардың қырағылығы мен жүргізілген мониторингтің арқасында жыл басынан елорда аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысатын сайттардың мекен-жайлары көрсетілген 40-тан астам граффити-суреті анықталды. Осы "тектес" жарнамаларды анықтау және жоюға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүргізіледі", - деді полиция өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети