17 қараша 2015 12:34

Астанада француздың жылдамдық өлшеуіштері сынақтан өткізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Астанада француздың жылдамдық өлшеуіштері сынақтан өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.


Астанада француздың жылдамдық өлшеуіштері сынақтан өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, Астана ІІД жол жүру ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін аппаратты сынақтан өткізіп жатыр. Құрылғы Morpho (Франция) компаниясына тиесілі.

"Бұл құрылғылар жалғыз данамен (Б. Момышұлы даңғылына) орнатылып жатыр. Аппарат жол ережесі бұзылуларының оннан аса түрін (жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету) анықтайды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Әкімшілік полиция комитеті мұндай радарларды қаланың басқа аудандарына орнату мәселесінің әзірге шешілмегенін айтты. Бұл аппараттарды қолдану мәселесі сынамалық жобаның нәтижесінен кейін және бюджеттің бөлінуіне қарай шешілетінін айтты.

Сынақтан өткізіліп жатқан құрылғының бағасын Morpho әзірше көрсеткен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети