18 тамыз 2017 12:52

Астанада футуристік стильде мешіт салынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Санар" ЖШС © "Санар" ЖШС

Сәулетші Астанада салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәулетші Астанада салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Facebook желісіндегі елордадағы аудандардың бірінде салынып жатқан ғимараттың суреттері пайда болған еді.

Өндірістік компанияның директоры Сағындық Жамболатов Tengrinews.kz тілшісіне салынып жатқан ғимараттың мешіт болатынын айтты.

"Қазақстанда мешіттердің екі түрі бар - өзбек және татар стилінде. Солтүстік Қазақстандағылар көбіне татарлардың стиліндегі  мешіттерді салады, ал оңтүстіктегілер өзбектердің немесе ирандықтардың стилінде салады. Ал біз салып жатқан мешіт қазақша стильде болады", - дейді Сағындық Жамболатов.

Сондай-ақ, ол мұндай мешіттің жобасы ешқандай да дінге қайшы келмейтінін айтып өтті. Оның айтуынша, осындай стильдегі мешіттер Малайзия мен Германияда бар.

Оның айтуынша, мешіттің ішкі дизайны мешітке келушілерді өзіндік ерекшелігімен таңғалдырады. "Мешіттің іші одан да қызығырақ болады. Ерекше болады", - дейді Сағындық Жамболатов.

"Біз белгілі бір мағынасы болатын нысандарды саламыз. Қазақтардың рухани мұрасы өте бай. Сондықтан біз мешіттің жобасын философиялық етіп салып жатыр", - деді Сағындық Жамболатов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети