06 мамыр 2016 12:55

Астанада жағымсыз иіс жыл соңына дейін кетіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Жыл соңына дейін Талдыкөл лайдан тазартылмақ. Бұл туралы Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов өзеннің су тазарту құрылыстарын аралау барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Жыл соңына дейін Талдыкөл лайдан тазартылмақ. Бұл туралы Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов өзеннің су тазарту құрылыстарын аралау барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Талдыкөл ағын су жинағышын тазарту жобасы 2011 жылдан бастап қолға алынған. Биыл көлді тазарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді: қосымша құрылыстар салынып, қайта жөнделді, су тазартуға арналған блок қолданысқа енгізілді. Өткен жылы Талдыкөлге су шығару тоқтатылған болатын.

"Былтыр су тазартуға арналған қосымша блок пайдалануға берілді, блоктың өзі суды талаптарға сәйкес санитарлық және гигиеналық нормаларға дейін тазартады, бұл оны Есіл өзеніне құюға мүмкіндік береді. Бұл австриялық технология. Қазіргі кезде су тазартатын блок жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 136 мың текше метрге жуық таза су шығарылады. Күніне бірнеше рет суға мониторинг жүргізіледі, біздің зертханамыз бар", - деді Әбижанов.

Өткен жылы су тазарту шаралары қабылданған соң Талдыкөлдің көлемі 43 миллион текше метрге дейін азайды, бұған дейін бұл көрсеткіш шамамен 56 миллионды құраған болатын. Бұл нәтижеге былтыр қосымша су тазарту блогын іске қосқаннан кейін қол жеткізілді. Қосымша су тазарту дегеніміз - сүзгілеу, яғни суды терең тазарту. Бүгінде елорданың ағынды сулары тазартудың төрт сатысынан өтеді: механикалық, биологиялық, қосымша тазарту және ультракүлгін залалсыздандыру. Осыдан кейін таза, мөлдір және залалсыздандырылған су Есілге құйылады.

"Биыл су көлемін азайтып, су түбіндегі лай тазартылмақ. Негізінен, иіс сол лайдан шығады. Анаэробты процестер жүріп, күкіртті сутегі бөлініп шығады, ол атмосфераға тарайды. Жыл соңына дейін лай түгелдей тазартылады, сонда жағымсыз иіс те кетеді. Бүгінгі таңда тиісті жұмыстардың 37 пайызы орындалды. Лайдың еш зияны жоқ, кейіннен ол кәдеге жаратылатын болады", - деді Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбижанов.

Үстіміздегі жылы көл түбін тазарту және су деңгейін азайту бойынша барлық жұмыстарды аяқтау көзделген. Қазіргі кезде Талдыкөлдегі су көлемі 43 миллион текше метрді құрайды, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш ауданы 635 гектар болатын 9 миллионға жеткізілмек. Алдағы уақытта Талдыкөл суын тазарту жұмыстары аяқталған соң көл аумағы рекреациялық аймаққа айналмақ.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада жағымсыз иіске себеп болып отырған Талдыкөлді жою қажет екенін айтқан болатын. "Тасмағамбетов алты жыл бойы ештеңе істемеді. Сен жұмыс істейсің, ештеңе істемейсің. Егер осы жолы шешпесеңдер, Хорошунов екеуіңе киіз үй жасап беремін, екеуің Талдыкөлдің маңында өмір сүресіңдер сосын. Ештеңе істемедіңдер. Мұнда сасыған иісті иіскеу үшін келе ме? (...) Талдыкөлмен алысып жатқандарыңа қанша жыл болды? Қашан бітеді? Елорда деп мақтанамыз, несін мақтаймыз? Сасығын ба?", - деді Мемлекет басшысы Әділбек Жақсыбековке Астананың дамуы және EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің дайындық барысы бойынша өткен жиналыста. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети