03 тамыз 2018 17:49

Астанада жалған дін мүшелері анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fox News © Fox News

Астанада жалған діндердің мүшелері анықталып, оңалтуға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астанада жалған діндердің мүшелері анықталып, оңалтуға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгін меморган қызметкерлері үшін "Жалған діндер ағымының өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізудің негіздері" атты семинар болып өтті. Семинар барысында "Контр - террористік комитет" РҚБ басшысы Аманжол Оразбаев деструктивті діни бірлестіктердің мүшелерін анықтау, есепке қою және оңалтудағы жоспарларын айтты. Бұл Қоғамдық даму министрлігі, ҮЕҰ және Астана әкімдігімен бірлесіп жасалып жатқан жұмыс. 

"Өткен жылы Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының есебі бойынша дәстүрлі исламға деструктивті діни ағымның 940 мүшесі қайтарылған. Бірақ өкінішке қарай оны растайтын құжат жоқ. Біз қазір осы жұмысты деструктивті діни бірлестіккке тартылғандардың әрбірін растайтын база жасағымыз келеді. Онда біз құжат арқылы ол адамның діни атрибуттар тағынып жүрсе де дәстүрлі исламның өкілі екенін дәлелдей аламыз. Барлығына бір өлшеммен қарауға болмайды. Шын мәнісінде көбісі кәдімгі діни киініп жүретін мұсылмандар",  - деді "Контр - террористік комитет" РҚБ басшысы Аманжол Оразбаев.

Одан басқа, "Контр - террористік комитеті" РҚБ басшысы дінге тартудың жолдары туралы да айтып берді. Негізінен, ол танымал мессенджер мен сайттар арқылы жүргізіледі.

"Әлеуметтік желі арқылы ақпаратты таратады. Жастар мен тәжірибесі жоқ адамдар әрине осы насихатқа елтіп, оңай беріледі", - деп жалғастырды ол. Бізде Қазақстан бойынша қазіргі таңда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Осы жұмысты да қатар дамыту керек", -  деді Аманжол Оразбаев.

Сонымен қатар, семинарда жалған діни ағымның өкілдерімен тиімді жұмыс жасауды арттыруға бағытталған механизмдердің барысы талқыланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети