26 желтоқсан 2017 12:53

Астанада жаңа коммуналдық қызмет түрі пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gasworld.ru © gasworld.ru

Астанада тұтынушылар есебінен көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін үйішілік газ қызметі пайда болуы мүмкін, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап.


Астанада тұтынушылар есебінен көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін үйішілік газ қызметі пайда болуы мүмкін, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен подъездерінде газ иісінің тарап кетуі немесе газ желілерінің істен шығуына қатысты көп түседі. Сондай-ақ апаттық-диспечерлік қызмет жоқ. Бүгінгі таңда газдың тарау салдарын жою және жөндеу жұмыстары ұсынылған смета бойынша жиналған мақсатты қаржы есебінен жүзеге асыралады. Осыған орай  елордалық Тұрғын үй инспекция басқармасы қалада үйішілік газ қызметін құруды ұсынып отыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, осы проблеманы шешу үшін материалды-техникалық база мен подъездердегі газ иісін және оның таралу себебін жоюмен айналысатын оқытылған штаттық мамандары бар үйішілік газ қызметін құру ұсынылғаны айтылады.

"Бұл қызмет түрі тұтынушылардан қосымша төлем жинау жолына негізделеді. Алдын ала есеп бойынша, төлем көлемі әр пәтерден жылына 792 теңгені құрайтын болады.", - деді қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Әміржанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети