04 ақпан 2018 12:45

Астанада жаңа туған әр сәби үшін бір ағаштан отырғызылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© charlespetersonflooring.com © charlespetersonflooring.com

Астанада жаңа туған әр сәби үшін бір ағаштан отырғызылатын болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты


Астанада жаңа туған әр сәби үшін бір ағаштан отырғызылатын болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" жобасы аясында 2018 жылдың соңына дейін "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" атты экологиялық акцияны өткізеді.

Биылдан бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауды бастады.

"Бұл акция қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел игілігі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді", - дейді мамандар.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында орналасады. 

Айта кетейік, "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы басталғалы бері Астана қаласының №1, №2, №3 перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хат тапсырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети