21 ақпан 2017 13:30

Астанада және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"21 ақпанда Ақмола облысында қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метр, ал кейбір жерлерде секундына 23-28-ге дейін барады. Астанада 21 ақпанда жел соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты сегіз облыста жолдар жабылды

Ақмола облысында апатты-құтқару жұмыстары бес ауданда жүргізілді.

Қарағанды облысында бір тәулікте 16 адам эвакуацияланды, қар құрсауында тұрып қалған автобусты (25 жолаушы, оның 20-ы бала) Қарағандыға жеткізілген. Абай ауданында қар құрсауында тұрып қалған жедел жәрдем көлігі (бес адам) шығарылды.

Атырау облысында құтқарушылар "Қырық мылтық" елді мекенінен 35 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, "Ойтан" қыстауынан бір әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент" тасжолында қар құрсауында тұрып қалған 10 автокөлік (салонында 50 адам, оның ішінде 7 бала) тазаланған жерге сүйретіліп жеткізілді. Көлтоған ауылынан Момышұлы ауылындағы ауруханаға ер адам жеткізілді. 

Қызылорда облысында 32 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, Қостанай облысында - 79 адам (олардың 7-і бала), Атырау облысында - 35 адам. Павлодар облысында "Павлодар-Өскемен" тасжолында рейстік автобус техникалық ақауларға байланысты бұзылып қалған, жергілікті орындаушы орган қызметкерлері сегіз адамды жылы жерге көшірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети