04 ақпан 2019 15:33

Астанада және он облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kn.ks.ua © kn.ks.ua

Астанада және он облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада және он облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалғасы

Жамбыл облысы

5-6 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр, 5 ақпан күндіз, 6 ақпан түнде екпіні секундына 23-28 метр жетеді. 6 ақпанда түнде кей жерлерде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 06-07 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Түркістан облысы

5 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты қар күтіледі. 5-6 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, тау асуларында секундына 23-28 метр күтіледі. 6 ақпанда түнде ауа температурасының 12-17, кей жерлерде 22-27 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Алматы облысы

6 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Қостанай облысы

06 ақпанда түнде Қостанай облысында ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз 43 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Қызылорда облысы

6 ақпанда түнде Қызылорда облысында ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

6-7 ақпан аралығында түнде Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде өте қатты аяз 45 градус күтіледі.

Шығыс-Қазақстан облысы

06 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 30 метрге және одан аса күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 

05 ақпанда Ақмола облысында қар, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, түнде және таңертең екпіні секундына 23-28 метр жетеді.

Астана қаласында 5 ақпанда қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секуныдан 15-20 метр күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-39 градус күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети