16 ақпан 2019 16:04

Астанада және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада және еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада және еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Болжамдарға сәйкес, 17 ақпанда Ақмола облысында жауын-шашын (көбіне қар), боран, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Астанада 17 ақпанда жауын-шашын (қар), тұман, көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 85-90 пайыз.

Жамбыл облысында 17 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал 18 ақпанда түнде желдің екпіні секундына 23-28 метрге, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан да жылдам соғуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Таразда 17-сі күндіз және 18-і түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метр болады деп күтіледі. Тұман түседі.

17 ақпанда Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ, күндіз қатты жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр, таулы өткелдерде секундына 30 метр және одан да күшті болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети