25 тамыз 2017 11:39

Астанада "Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл шараны Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық интеграция институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада "Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл шараны Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық интеграция институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияның мақсаты Қазақстанды жаңғыртудың өзекті сұрақтары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау болып табылды.

Конференцияның жұмысына 100-ден астам адам қатысып, олардың арасында белгілі ғалымдар З. Шәукенова, З. Қабылдинов, Б. Әбдіғалиұлы және Қазақстан мен шетелдің сарапшы-талдаушы қоғамдастығының басқа да өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары болды.

ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров конференция қатысушыларына өзінің құттықтау сөзін арнап, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамда резонанс туғызып, қалың көпшілік арасында қолдау тапқан "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы өзінің іске асырылуы жөнінен ерекше тәсілді талап ететін жалпыұлттық ауқымдағы терең мағыналы құжат болып табылады деп атап өтті.

"Тәуелсіз Қазақстан тарихында әлі ешқашан ұлт алдында сананы жаңғырту секілді аса терең әрі ауқымды міндет тұрмаған еді. "Рухани жаңғыру" - мемлекеттің барлық салаларының сапалық тұрғыдан жаңарып-өзгеруіне негіз болуға тиіс идеялық тұғырнама. Бүгінгі таңда жаңаруға деген талпыныс өзінің мәні жөнінен ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі сақтаумен және сапалы дамумен бірдей болып отыр", - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Конференцияның модераторы - Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов Институт жүргізіп жатқан социологиялық зерттеулердің кейбір алдын ала қорытындысын айтып берді.

"Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда Үшінші жаңғыру шеңберіндегі шараларды іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптасып отыр. Қоғамдық пікірде реформашыл көңіл-күйдің жоғары екені атап өтілуде. Қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы ел өмірінде өзгеріс қажет деп есептейді. Бұл ретте қазіргі әлеуметтік-саяси даму бағытын қолдау деңгейі де мейлінше жоғары - 88 пайыз.

Социологиялық зерттеулердің деректері қазақстандық қоғам дамуының әлеуметтік-мәдени аспектілерін қозғайтын жаңғыру міндеттері мен конституциялық өзгерістер қазақстандықтар арасында қолдау тауып отырғанын көрсетеді", - деп атап өтті Ғани Нығыметов.

Конференцияның жұмысы барысында жауапты мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-сарапшылық жұртшылық өкілдері арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен Конституциялық реформаның шешуші бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша кең көлемде сындарлы сұхбат өрбіді.

Кездесуге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысты кеңінен жазып-көрсетіп, халыққа түсіндіру үшін сұхбат алаңы жұмысының маңызы зор екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети