26 ақпан 2014 | 11:51

Астанада жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер түсірген видеоның кадры. ©Тengrinews.kz Куәгер түсірген видеоның кадры. ©Тengrinews.kz

Астанада 25 ақпанға қараған түні болған жаппай төбелес дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу мен төбелеске қатысушылардан жауап алу жүріп жатыр, әрқайсысының кінәсі тексерілуде. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы, бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша қозғалды. Еске сала кетейік, куәгерлердің айтуынша, 25 ақпанға қараған түні бірнеше ер адам өзара сөзге келген. Артынан айқай мен атыс дыбысы естілген, бірақ Астана қалалық ішкі істер департаментінің мамандары төбелес кезінде қару қолданылған жоқ деп отыр. Полицейлердің мәліметінше, төбелеске қатысқан барлық тоғыз адам ұсталды - олар бір ұйымның қызметкерлері. Көңіл көтеру орнына барғаннан кейін олар өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға орнына жол-патруль полициясының бірнеше көлігі барды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети