22 шілде 2018 10:54

Астанада жұмыс табуға көмектесетін мобильді қосымша жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oncomedic.org © oncomedic.org

Астанада жұмыс табуға көмектесетін мобильді қосымша жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астанада жұмыс табуға көмектесетін мобильді қосымша жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болып отыр. Мобильді қосымша онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асырады.

"Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, мобильді қосымшада ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады. Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста жұмыс істейді.  Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұрады", - деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Smart Astana қосымшасы Apple Store және Play Market-те қолжетімді. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 мың адам жүктеп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети